Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшелері имам Хомейнидің арман-мақсаттарына адалдықтарын қуаттады
(last modified Sat, 03 Feb 2018 14:14:48 GMT )
Ақп 03, 2018 20:14 Asia/Almaty
  • Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшелері имам Хомейнидің арман-мақсаттарына адалдықтарын қуаттады

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшелері бүгін сенбі күні имам Хомейнидің қасиетті кесенесінде құзырға ие болып, Иран Ислам Республикасының негізін қалаушының арман-мақсаттарына адал екендіктерін тағы жариялап, серт берді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшелері ИИР-ның негізін қалаушының арман-мақсаттарына адалдықтарын жариялаған соң алқаның төрағасы аятолла Сейед Махмуд Һашеми Шаһруди исламдық оянуды, үстемшілдер мен зорлықшылардың алдында исламдық қарсыласуды жандандыруды, аймақтағы үстемшілдердің жоспарларын бұзуды, олардың қолдарын қысқартуды және Шығыс пен Батыстың көптеген материалды ұйымдарын жоюды имам Хомейнидің болмысының еңбегі мен берекелерінің қатарында атады.   

Аятолла Һашеми Шаһруди діни, зияткерлік пен халықтық болуды имам Хомейнидің жетекшілігімен орын алған ислам революциясының үш ерекшелігі деп атап: «Қазіргі кезде тек Иранның барлық жерінде ғана емес, сонымен қатар ислам әлемінде де имам Хомейнидің есімі және естелігімен, хазіреттің арман-мақсаттарымен барша таныс. Хазірет – тірі. Ол тарихта мәңгілік тірі қалады» деді.  

Баһман айының он екісі, милади жыл санағы бойынша ақпан айының бірі – имам Хомейни Иранға оралған, ислам революциясының арайлы он күндігі – мүбәрәк «Фаджр» басталған күн.