Иранның Қорғаныс министрі: АҚШ ДАИШ-ты Ауғанстанға ауыстыруды көздеуде
Иранның Қорғаныс министрі Ауғанстанның Қорғаныс министрімен телефон арқылы сөйлескенде АҚШ-тың ДАИШ лаңкестік тобын Сирия мен Ирактан шығарып, Ауғанстанға ауыстыруды көздейтінін мәлімдеді.
Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами Ауғанстанның Қорғаныс министрі Тареқ Шах Бахрамимен телефон арқылы сұхбатта: "АҚШ ДАИШ-ты Сирия мен Иракта пайдалану үшін құрды. Енді оларды Ауғанстанға ауыстырып, бұл елдегі өз әскерилерінің орналасуын ақтағысы келеді. АҚШ мұслымандардың дұшпаны екенін дәлелдеді. Құдсты сионистердің астанасы ретінде жариялап, әлемдіктерге АҚШ-тың мұсылмандарға қатысты екіжүзділігі мен дұшпандығын көрсетті",- деді. Иранның Қорғаныс министрі Ауғанстандағы көптеген лаңкестік әрекеттерді айыптап: "Иран әрқашан бөгделердің Ауғанстан халқына қарсы қастандықтарына алаңдаушылық білдірді. Өткен жылдары да Ауғанстанның мазлұм халқының мәселелерін шешуге талпыныс жасады",- деді.
Ауғанстан Қорғаныс министрі Тареқ Шах Бахрами тарих бойындағы Иран мен Ауғанстанның жақсы қарым-қатынастарына тоқталып: "Ауғанстанда 20-дан астам лаңкестік топ белсенділік танытуда. Бұл топтар бақылауға алынбаса, аймақ қауіпсіздігін дағдарысқа тірейді",- деді.