Америкалық қайраткер: Атысты тоқтату Сирия келіссөздерінің шарты емес
(last modified Fri, 05 Feb 2016 02:20:37 GMT )
Ақп 05, 2016 08:20 Asia/Almaty
  • Америкалық қайраткер: Атысты тоқтату Сирия келіссөздерінің шарты емес

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы атысты тоқтатуды Сирия келіссөздерінің шарты емес деп атады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Джон Кирби Вашингтонда АҚШ Мемлекеттік департаментінің ғимаратында өткен ақпараттық конференцияда: «АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирияда бейбітшілік орнату үшін сұхбаттасулардың шартсыз басталуын талай рет қуаттады.

Вашингтонның тұрғысы Сирияда атыс тоқтату орнатудың қажеттілігін қуаттайды. Келіссөздер ешқандай шартсыз өтуі керек.

Сирия халқы үшін атыс тоқтату орнатылып, бомбалаулар да тоқтатылғаны абзал болғанымен, сұхбаттасуларды бастау үшін атыс тоқтату орнауы керек деп ешкім айта алмайды. Егер қарсыластарға әуе шабуылдары тоқтатылып, әскери емес азаматтарға ешқандай кедергісіз гуманитарлық көмектер жеткізілсе, құба- құп, бірақ алдағы аптада Мюнхеньде өтетін отырысқа дейін оның орын алуы екіталай» деді.