Ғасеми: АҚШ аймақтағы соғыс жалынын қайтадан өршітуге талпынуда
(last modified Wed, 07 Feb 2018 08:47:11 GMT )
Ақп 07, 2018 14:47 Asia/Almaty
  • Ғасеми: АҚШ аймақтағы соғыс жалынын қайтадан өршітуге талпынуда

Иран Сыртқы істр министрлігінің баспасөз хатшысы ДАИШ сәтсіздікке ұшырағаннан кейінгі жағдайдың АҚШ-ты аймақта жаңа соғыс ашуға итермелеуі мүмкін екендігін мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми сейсенбі күні: "АҚШ Президенті  Дональд Трамптың ДАИШ-тың жеңілуінен кейінгі алаңдаушылығы мен үмітсіздігі аймақтағы соғыс жалынын қайтадан өршітуіне себеп болуы мүмкін",- деп қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы америкалық күштердің Сириядағы құзырына тоқталып: "Кейбір америкалық басшылардың сөздері олардың Сирияда қалып,  бұл елдегі өз жобаларын іске асыруды көздейтіндігін көрсетеді",- деді.

Бахрам Ғасеми Сирияның солтүстігіндегі Түркияның әскери әрекеттері туралы: "Түркияның бұл араласуы Сирияда орнатылған салыстырмалы қауіпсіздікке қауіп-қатер тудырып, азамат соғысын соқтырады",- деді.

Ғасеми сионистік режимнің қарсыласу шебіне соққы беру әрекеттеріне тоқталып: "Бұл режим мақсаттарына жеткізетін жобаға ие болса, қарсыласу шебі мен аймақ елдеріне қарсы соғысты бастауға күмәнданбайды",- деп баса айтты.