Генерал Салами: Иран зымыран тақырыбы бойынша ешбір елмен келіссөз өткізбейді
(last modified Sat, 10 Feb 2018 16:23:55 GMT )
Ақп 10, 2018 22:23 Asia/Almaty
  • Генерал Салами: Иран зымыран тақырыбы бойынша ешбір елмен келіссөз өткізбейді

Ислам революциясының Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары Иранның ешбір елмен зымыран тақырыбы бойынша келіссөз өткізбейтінін айтып: ««Ортақ қадам» бағдарламасының Ислам республикасының зымырандық күш-қуатымен еш байланысы жоқ» деді.

IRNA-ның мәліметі бойынша, Ислам революциясының Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары бригады генералы Салами сенбі күні Теһранда Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігі мерекелеріне қатысып отырған шетелдік қонақтардың пікірлестік конференциясы аясында тілшілерге берген сұхбатта: «Зымырандық әлеует – Иранның қорғаныстық күш-қуатының бір бөлімі. Ол жайында ешқашан келіссөз өткізілмейді. Еуропа «Ортақ қадам» бағдарламасының Иранның зымырандық әлеуетін дамытумен еш байланысы жоқ екендігін, ИИР-ның қорғаныстық әлеуетін дамытудағы ерік-жігерінің басқа әлеуеттерінің барлығынан мықты екендігін білуі тиіс» деді. Бригада генералы Америка әскерилерінің Сириядағы құзырына сілтеме жасап, оны заңсыз деп атап, әрі міндетті түрде жеңіліспен бетпе-бет келетінін мәлімдеді.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары Түркия әскерінің Сириядағы амалдарына тоқталып: «Егер Сирия үкіметімен келісілмесе, Сириядағы ешбір елдің құзыры қабылдауға келмейтін заңсыз іс" деді.

 

Тегтер