Рухани: Теһран-Ташкент жан-жақты қарым-қатынастарын дамытуды қолдайды
(last modified Sun, 11 Feb 2018 12:04:29 GMT )
Ақп 11, 2018 18:04 Asia/Almaty
  • Рухани: Теһран-Ташкент жан-жақты қарым-қатынастарын дамытуды қолдайды

ИИР Президенті өз елінің Өзбекстанмен жан-жақты қарым-қатынастарын дамыту жолындағы жылдамдықты қолдайтынын қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани  Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен Теһрандағы кездесуінде саяси және экономикалық жан-жақты қарым-қатынастарды арттыруды және өткен кезеңдегі Теһран-Ташкент ынтымақтастықтарын дамыту саласындағы кемшіліктердін орнын толтыру қажеттігін қуаттап: "Екі елдің әртүрлі, соның ішінде экономика, энергетика, транзит, ортақ инвестиция, туризм, банктік айналым салаларындағы ынтымақтастықтарын арттыру Иран мен Өзбекстанның жан-жақты қарым-қатынастарын дамыту жолындағы өте жақсы қадам бола алады» деді.

Өзбекстан Сыртқы істер министрі де Ислам революциясының жылдығымен құттықтап, Иранның аймақ пен әлемдегі ықпалына тоқталып: "Өзбекстан ынтымақтастықтың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, Иранмен қарым-қатынасының жаңа кезеңін бастайды",- деді.