Иранның 36-шы «Фаджр» кинофестивалінің таңдаулыларының есімдері жарияланды
(last modified Mon, 12 Feb 2018 16:10:02 GMT )
Ақп 12, 2018 22:10 Asia/Almaty
  • Иранның 36-шы «Фаджр» кинофестивалінің таңдаулыларының есімдері жарияланды

Иранның 36-шы «Фаджр» кинофестивалі кеше жексенбі күні түнде әртүрлі бөлімдер бойынша таңдаулыларды таныстыру арқылы өз жұмысын аяқтады.

Mehr агенттігінің хабарлауы бойынша Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Аббас Салеһи Иранның 36-шы «Фаджр» кинофестивалінің жабылу рәсімінде ИИР-ның президенті Хасан Руханидің жолдауын оқыды.

Рухани фильмді бүгінгі адамзаттың жолдауларын, өркениеттік мұралары мен жетістіктерін таныстырып, жеткізу үшін ең әсерлі мәдени-өнер туындыларының бірі деп атады.  

Иранның 36-шы «Фаджр» кинофестивалінің қазылар алқасының шешіміне сәйкес, екінші рөлдегі ең үздік әйел номинациясы бойынша хрусталь самұрық «Стамбұл қиылысы» және «Суық тер» фильмдеріндегі рөлі үшін Сахар Доулатшаһиге, екінші рөлдегі ең үздік ер жүлдесі «Тоқылдақ» фильміндегі рөлі үшін Джамшид Һашемпурге берілді.

Сара Баһрамиге де «Тоқылдақ» фильмінде басты рөлді сомдағаны үшін ең үздік номинация бойынша хрусталь самұрық берілді.

Амир Джадидиге де «Абу Ғрейб бұғазы» және «Суық тер» фильмдеріндегі рөлдері үшін Иранның 36-шы «Фаджр» кинофестивалінің ерлер арасындағы ең үздік актері номинациясы бойынша хрусталь самұрық берілді.

Ибраһим Хатемикиаға «Кешкі ас кезінде» фильмі үшін, Баһрам Тавакколиге «Абу Ғрейб бұғазы» фильмі үшін ең үздік режиссерлер ретінде хрусталь самұрық берілді.

 

Тегтер