Генерал-майор Джафари: Ислам революциясы бұрынғыдай серпінді де сергек
(last modified Tue, 13 Feb 2018 13:54:22 GMT )
Ақп 13, 2018 19:54 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Джафари: Ислам революциясы бұрынғыдай серпінді де сергек

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Барлық жауластықтарға қарамастан Иран Ислам революциясы бұрынғыдай серпінді де сергек күйде биік мақсаттарға жету жолында әрекет етуде",-деді.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Джафари Иранның оңтүстік-шығысындағы Захедан қаласында Систан мен Белучистан шәһидтерінің ұлттық конгресінде: "Дұшпандардың Иран Ислам революциясының дамуын тоқтатуға бағытталған барлық талпыныстарына қарамастан, бұл революция абырой-айбынмен өз жолын жалғастыруда",-деді.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дұшпандардың негізгі мақсаттарының бірінің Исламдық Иранда, әсіресе Систан мен Белучистан облысында тынышсыздық тудыру екенін айтып: "Бұл облыстың шәһидтері қауіпсіздік жолында жан тапсырды. Шиіт пен сүннит қауіпсіздік орнату жолында бірлесіп талпыныс жасауда.

Дұшпандар Иран халқының бірлігі мен біртұтастығын жоюға бар күштерін салып келеді. Ислам революциясы жетекшісінің дана басқаруы мен халықтың қырағылығының арқасында дұшпандардың қастандықтары залалсыздандырылуда",-деді