Амир Абдуллахиян: Иран Палестинаны қолдауын жалғастырады
Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары: «ИИР Палестинаның жапа шеккен халқын қолдауды жалғастырады»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Хосейн Амир Абдуллахиян: «Палестинаны қолдау – ислам әлемінің басты мәселесі. Аймақтағы лаңкестік дағдарыстар ислам әлемін Палестина мен Құдс мәселесіне көңіл аударудан қапы қалдырмауы керек.
Қазіргі таңда Палестинаға әсерлі түрде қолдау көрсету және терроризммен шынайы түрде күресу аймақтағы екі маңызды мәселе болып саналады»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары: «Израильдің лаңкес дайындайтын режимі – аймақтағы бейберекеттіктің негізгі себебі. Қалашықтар салу мен Құдсты еврейлендірудің жалғасуы тек аймақ халықтарының Палестина жерін басып алушылардың экспансиялық саясатына деген жиренішін арттырады.
Палестина халқының үшінші интифазасы Палестина жерінің негізгі иелерінің сионистік режимнің экспансиялық саясатының жалғасуына көрсеткен табиғи реакциясы болып табылады»,-деді.