Велаяти: Иранның зымырандық бағдарламасының ешбір елге қатысы жоқ
(last modified Thu, 15 Feb 2018 11:59:10 GMT )
Ақп 15, 2018 17:59 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иранның зымырандық бағдарламасының ешбір елге қатысы жоқ

Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі зымыран жасап, оны дамыту ісінің ешбір елге қатысы жоқ екендігін мәлімдеді.

Әли Акбар Велаяти сәрсенбі күні кешке Теһранда Еуропа Парламенттінің сыртқы қатынастар комитетінің  басшысы Дэвид МакАллистермен кездескен соң тілшілерге берген сұхбатында Ираннның зымырандық қабілеті мәселесінің еуропалық делегация мүшелері сұраған тақырыптардың бірі болғанын айтып: "Зымыран – қорғаныс құралы. Әрбір ел өзінің жағдайына байланысты қорғаныс мүмкіндігін таңдайды.

ИИР ұлттық мүдде аясында өзін толық қорғау мақсатында  басқа елдер сияқты зымыранның рөлін ескеріп, оны жасау жолында әрекет етеді. ИИР зымыран мәселесінде Батыстың қысымына бой ұсынбайды",-деді.