Аятолла Макарем Ширази тәкфиршіл идеологияны ислам әлемі үшін ең үлкен қауіп деп атады
(last modified Fri, 16 Feb 2018 13:22:37 GMT )
Ақп 16, 2018 19:22 Asia/Almaty
  • Аятолла Макарем Ширази тәкфиршіл идеологияны ислам әлемі үшін ең үлкен қауіп деп атады

Иранның рухани қайраткерлерінің бірі аятолла Макарем Ширази тәкфиршіл идеологияны ислам әлемі үшін төніп тұрған ең үлкен қауіп деп атады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның рухани қайраткері Ауғанстанның астанасы Кабулда Ауғанстанның мұсылман үлемдері, бірқатар академиялық ойшылдар мен Пәкістан, Иран және Үндістанның діни үлемдерінің қатысуымен өткен "Әсірешілдікпен күрес" атты халықаралық отырысқа жолдаған видео жолдауында: "Бүгінде тәкфиршілдер мұсылман елдерінде өз әрекеттерінің салдары алдағы 50 жылда қайта қалпына келмейтіндей жағдайдың отын жақты.

Тәкфиршілдер тек шиіттер мекендейтін аймақтарды қиратумен ғана шектеліп қойған жоқ, сондай-ақ, сүниттер мекендейтін мұсылман елдерінің басым бөлігінің де олардың қолынан зиян шеккенін байқауға болады",- деп баса айтты.

Аятолла Макарим Ширази барша мұсылман елдерінен қатерлі тәкфиршіл құбылыстың көзін жою үшін бірігіп, осындай топтардың исламның атына дақ түсіріп, мұсылмандардың арасында алауыздық тудыруына рұқсат бермеуін сұрады.