Қасеми: Иранның зымырандық бағдарламасы қорғаныстық сипатқа ие
(last modified Wed, 21 Feb 2018 12:28:49 GMT )
Ақп 21, 2018 18:28 Asia/Almaty
  • Қасеми: Иранның зымырандық бағдарламасы қорғаныстық сипатқа ие

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы өз елінің зымырандық қорғаныс бағдарламасының агрессияның алдын алу мақсатында жобаланғанын қуаттады.

Бахрам Қасеми сейсенбі күні Франция мен Англия Сыртқы істер министрлерінің Иранның зымырандық бағдарламасына алаңдаушылық білдіруін дәлелсіз әрі қисынсыз деп атап: "Иран мұндай негізсіз ұстанымды жауапсыздық және түсініксіздік тудырады деп санап, оны қабылдамайды. Иран өзінің әскери доктринасы және сегіз жылдық соғыс пен кейбір мемлекеттердің басқыншы БААС режиміне көрсеткен қолдауынан алған тәжірибесіне сүйеніп, зымырандық қорғаныс бағдарламасын халықаралық заңдарға сай жобалағандықтан, еш уақытта басқа мемлекеттердің араласуын қабылдамайды",- деді.

Қасеми сонымен бірге "Иран Йеменге зымыран жіберді" деген уәжді теріске шығарып: "Иран сан рет бұл негізсіз уәждерге жауап қайтарды. Йемен армиясы мен халықтық күштері шетелдіктердің қару-жарақ көмегін қажет етпейді. Йеменге шабуыл жасағандардың сәтсіздікке ұшырауының себебі Йемен халқының қолдарында бар мүмкіндіктерімен абыройлары мен туған жерлерін қорғауы болды",- деп баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Йеменге шабуыл жасап отырған Сауд Арабиясы мен басқа да шапқыншыларға еуропалық-америкалық қару-жарақ сатуды жылдам тоқтатуды талап етті.