Рухани: Иранның қорғаныстық қуаты талқыланбайды
(last modified Wed, 21 Feb 2018 16:50:55 GMT )
Ақп 21, 2018 22:50 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның қорғаныстық қуаты талқыланбайды

ИИР президенті: "Иран халқы дұшпанмен жүргізген сегіз жылдық таңылған соғыс тәжірибесінің арқасында елдің қорғаныстық қуатымен байланысты кез-келген мәселеге сезімталдық танытады. Иранның қорғаныстық қуаты талқыланбайды",- деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Нидерланды Сыртқы істер министрі Сигрид Каагпен Теһранда кездесуінде кейбір елдердің Иранның зымырандық бағдарламасына қарсы кеңістік құруына сілтеме жасап: "Иран батыс елдерімен Йемен халқын өлтіріп, босқынға айналдырып, тұрғын аймақтары мен инфрақұрылымдарын жою үшін қолданылатын бүлдіргі қару-жарақтарды аймақ елдеріне жаппай сатуға қатысты сұхбаттасуды қалайды",- деді.

Иран президенті Иранның Йеменге зымыран жіберуін толығымен қате әрі негізсіз айып деп атап: "Өз кінәсын басқаға таңудың орнына бар күшті соғысты тез арада аяқтап, атысты тоқтату бітімін бекітіп, Йеменнің мұқтаж халқына көмек көрсетіп, «йемендік-йемендік» келіссөздерді бастау үшін қажет негіздер дайындау үшін жұмылдыру қажет.

Иран аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып, лаңкестікпен күресті жалғастыру үшін Еуропа одағымен келіссөздер жүргізуге әзір",- деді.

Нидерланды СІМ Сиград Кааг бұл кездесуде Еуропа одағы мен Нидерландының ИИР-мен барлық салаларда қатынастарын дамытуды көздеп отырғанын баяндап: "Нидерланды Иранның өзін қорғау мақсатындағы қарулану бағдарламасын заңды санап, оны ресми түрде мойындайды",- деп баса айтты.