Бруджерди: АҚХА АҚШ-тың уəждерін жоққа шығарды
Иранның Ислам Кеңесі Мəжілісінің Ұлттық қауіпсіздік жəне сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының басшысы: "АҚХА-ның Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін тағы да растаған есебі АҚШ-тың жалған саяси уəждерін жоққа шығарды",-деді.
АҚХА бейсенбі күнгі есебінде: "Иранның ядролық жұмыстары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына толығымен сəйкес келеді",-деп оныншы рет мəлімдеді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Ислам Кеңесі Мəжілісінің Ұлттық қауіпсіздік жəне сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының басшысы Алауддин Бруджерди: "АҚХА-нің есебі ИИР-ның халықаралық сахнадағы өз міндеттемелеріне берік екенін тағы растады. Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қатысты есепте ядролық келісімнің барлық қыры – ауыр су өндіру зауытынан байытылған уран қорының көлемі, дұрыстығын тексеру, Иранның келісімнен ауытқымағанына дейін АҚХА тарапынан расталды",-деді.