Бруджерди: АҚШ елшілігін басып алынған Құдсқа ауыстыруға қатысты қарсылықтар өте шынайы
(last modified Wed, 28 Feb 2018 17:09:30 GMT )
Ақп 28, 2018 23:09 Asia/Almaty
  • Бруджерди: АҚШ елшілігін басып алынған Құдсқа ауыстыруға қатысты қарсылықтар өте шынайы

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы АҚШ Президентінің өз елінің елшілігін басып алынған Құдсқа ауыстыру шешіміне қатысты қарсылықтарды өте шынайы деп атады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Алаеддин Бруджерди Мәжіліс ақпарат агенттігіне берген сұхбатта АҚШ елшілігін мамыр айында басып алынған Құдсқа ауыстыру шешімі туралы: "Трамп екінші сайлаудан өтуі мен АҚШ қоғамындағы рейтингінің төмендеуіне алаңдап, сионистік лоббидің ризалығына ие болғысы келеді",- деді. Бруджерди сионистік лоббидің АҚШ сайлауына қатты әсер ететіндігіне тоқталып: "Трамп сионистерге артықшылық беріп, өз келешегі үшін жоспар құрғысы келеді. Бірақ, Америка халқы бұл әрекеттердің нәтижеге жетпейтіндігін түсінуі керек. АҚШ елшілігін басып алынған Құдсқа ауыстыру ислам әлемімен қатар әлемдік қоғамның шынайы қарсылықтарымен бетпе-бет келеді",- деді.