Генерал Джафари: Сақшылар корпусының ұшқышсыз басқарылатын ұшақтары мен тікұшақтық әлеуеті артады
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Сақшылар корпусы құрлық күштерінің ұшқышсыз басқарылатын ұшақтары мен тікұшақтық технологиясының кеңейетінін мәлімдеді.
Mehr хабар агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам Революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы генерал Мохаммад Али Джафари сәрсенбі күні Сақшылар корпусына қарасты әуе күштерінің тікұшақ орталықтарының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Екі жыл бұрын Сақшылар корпусының құрлық күштері жабдықталып, тікұшақ бірліктеріне ие болуы керектігі туралы шешім қабылданды. Сақшылар корпусы құрлық күштері қолбасшысының ерік-жігерімен тікұшақтық үш орталық салынды. Олар бүгінде миссияларды орындауға әзір тұр» деді.
Бүгін аталмыш корпустың бас қолбасшысының қатысуымен Ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күштерінің «Азарахш» деген зымырандық ең жаңа жобасының тұсаукесері өтті.
Сауытқа қарсы «Азарахш» зымыраны төмен биіктіктегі әуе амалдарын жүзеге асырып, құрлық нысандарына қарсы мақсатта жобаланған. Оның салмағы шамамен 70 кг құрайды. Ол нысананы 10 км қашықтықтан атып түсіре алады.