Спорт – шаттық пен саулықтың жаршысы
(last modified Fri, 02 Mar 2018 15:39:10 GMT )
Нау 02, 2018 21:39 Asia/Almaty
  • Спорт – шаттық пен саулықтың жаршысы

ИИР президенті cпортты саулық пен шаттықтың жаршысы және халықтарды бір-бірімен жақындастыруға ықпал ететін фактор деп атады.

Хасан Рухани Теһранда Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантиномен кездесуінде: "ФИФА халықаралық футбол мен аймақтық футбол федерацияларының ішіндегі ең жоғары ұйым ретінде спортқа қатысы жоқ уәждер мен мәселелердің спорт саласына әсер етпей, халықтар қызығушылық танытатын спорт сайыстарын өз елдеріндегі спорт кешендерінде тамашалаудан мақұрым қалмауы үшін сақ болуы тиіс.

Футболдың халықтар үшін, әсіресе жастар үшін өте қызық болуына байланысты Халықаралық футбол федерациясы халықтардың бір-бірімен байланысында әсерлі рөл атқара алады",- деді.

ФИФА-ның президенті Джанни Инфантино да ИИР президентімен кездескеніне ризалық білдіріп: "Футбол әлемдік деңгейде маңызды әлеуметтік рөл атқарады. Иран халқы шын мәнінде әлемдегі ең әуесқой футбол жанкүйерлерінің бірі саналады",- деді.