Велаяти: Иранның қорғаныс тақырыбының ешбір елге қатысы жоқ
(last modified Sun, 04 Mar 2018 10:52:32 GMT )
Нау 04, 2018 16:52 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иранның қорғаныс тақырыбының ешбір елге қатысы жоқ

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Иранның қорғаныс тақырыбының ешбір елге қатысы жоқтығын қуаттады.

Әли Акбар Велаяти сенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатта кейбір елдердің ИИР-ның әскери-зымырандық қуатына қатысты ұстанымдары туралы: "Иран – тәуелсіз ел. Ол өзі дұрыс деп тапса, өзін зымыранмен немесе басқа да қорғаныс құралымен қорғайды. ИИР аймақ елдерінің  үздіксіз қарулануына немқұрайлы қарай алмайды, өйткені, Иран – аймақтағы ірі әрі ең маңызды ел. Қорғанысқа дайындық – әрбір ұлттың ажырағысыз құқығы. Ешбір ел Иран немесе басқа елдердің орнына шешім қабылдай алмайды. Сондықтан Иранның зымыранды иеленуі оның өз ықтиярында. Теһран өз мүддесіне сай келетін істі істейді. ИИР классикалық қарулар саласында зымыран немесе басқа да қорғаныс құралын қолдануына қатысты мәселеге бөгде елдердің араласуына жол бермейді",-деп қуаттады.