Сардар Фадави: Иран Батыстың теориялары арқылы басқарылмайды
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы: «АҚШ Батыстың экономикалық теорияларын Иранда қолдана алмайды»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы бригада генералы Әли Фадави: «Ислам қоғамдары Батыстың ғалымдары мен экономистері дайындаған «либерализм» экономикалық теориялары негізінде өздерінің қиындықтарын шеше алмайды.
Батыстықтар өздері үшін арнайы механизмдерді жобалаған. Ислам елдері да өздерінің арнайы теориялары негізінде өз қоғамдарындағы қиындықтарды жояды»,-деп қуаттады.
Сардар Фадави «Қарсыласу экономикасы: шара және әрекет» деген биылғы жылдың ұранына тоқталып: «Иранда әрбір істегі шара мен әрекеттің негізі Ислам революциясында жатыр. Егер басқа үлгілер негізінде жүзеге асырылса, міндетті түрде түрде әсерсіз болмақ»,-деді.