Амано: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген міндеттемелеріне берік
https://itolqyn.com/news/iran-i3529-Амано_Иран_Ортақ_қадам_жан_жақты_бағдарламасында_белгіленген_міндеттемелеріне_берік
АҚХА-ның Бас директоры: «ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген міндеттемелеріне берік болды»,-деп мойындады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 02, 2016 16:30 Asia/Almaty
  • Амано: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген міндеттемелеріне берік

АҚХА-ның Бас директоры: «ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген міндеттемелеріне берік болды»,-деп мойындады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚХА-ның Бас директоры Юкио Амано бір мәлімдемеде «алтылық» топқа мүше елдердің басшылары және өкілдерімен, сондай-ақ Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринимен Вашингтонда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының барысын талқылау үшін кездескендерін хабарлап:

«Иран әлемнің ядролық шынайылықты анықтайтын ең қатал жүйесінің алдында тұр. Теһран АҚХА-ның ядролық қорғаныс келісімін ғана емес, қосымша протоколды да орындады.

Агенттіктің ядролық шынайылықты анықтау саласында жеткілікті тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі бар, сондықтан өзінің Иранға қатысты міндеттерін әсерлі түрде орындап, халықаралық қауымдастыққа қажетті кепілдіктерді бере алады»,-деп қуаттады.