Генерал Хаджизаде: Иранның зымырандық өндірісі үш есе артты
(last modified Wed, 07 Mar 2018 17:58:09 GMT )
Нау 07, 2018 23:58 Asia/Almaty
  • 
Генерал Хаджизаде: Иранның зымырандық өндірісі үш есе артты

Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Иранның зымырандық өнімдерінің үш есе артқанын баяндап: «Америкалықтар өздерінің атомдық арсеналдарын күннен күнге арттырып: «Бұл өзіміздің мүдделерімізді қорғау үшін, бірақ, Иран зымыранға ие болмауы керек» дейді» деді.

Генерал Амир Али Хаджизаде сәрсенбі күні Теһранда өткен «Сарбаз» фестивалінде сөйлеген сөзінде әлемде орнаған заңдарды орман заңынан да жаман деп атап: «Әлемнің заңы Америка мен Англияның, Франция мен сионистік режим мен үстемшілдердің қолында. Бұл заңдарды солар жазған. Олар оны қалаған уақтыттарында өзгерте алады» деді.  

Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы «Монафеқин» лаңкестік тобының Франциядағы жұмыстарына сілтеме жасап: «Бұл топ осыншама қылмыстарымен Францияда еркін әрекет етуде. Бірақ, егер Иран Францияда лаңкестік әрекет жасайтын адамдарға әрекет етуге ерік бергенде не болар еді? Бүгінгі әлем – күштің  әлемі» деді.