Лондондағы Иран елшілігіне жасалған шабуыл – Англияның Арабстан тақмұрагерінің қару сатып алуына берілген жауап
(last modified Mon, 12 Mar 2018 14:56:23 GMT )
Нау 12, 2018 20:56 Asia/Almaty
  • Лондондағы Иран елшілігіне жасалған шабуыл – Англияның Арабстан тақмұрагерінің қару сатып алуына берілген жауап

Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Лондондағы Теһранның елшілігіне жасалған шабуылды Англия үкіметінің осы елден Арабстан тақмұрагерінің 14 млрд фунтқа қару сатып алуына берген жауап деп атады.

Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғарғы кеңесінің хатшысы Али Шамхани дүйсенбі күні Иран Телерадио ұйымының тілшісіне берген сұхбатта Лондондағы Теһранның елшілігіне жасалған басқыншылыққа қатысты Англия полициясы мен үкіметінің сылбыр қатынас танытуының себебіне тоқталып: «Арабстанның тақмұрагері Мохаммад Бен Салманның Англиядан құны 14 млрд фунтқа қару-жарақ сатып алуына қалай да жауап берілуі тиіс болған. Оны масқара түрде Лондондағы Иранның елшілігіне шабуыл жасау арқылы орындады» деді.  

Шамхани Арабстан тақмұрагерінің Иран мен исламдық қарсыласуға қарсы сөздеріне сілтеме жасап: «Сионистік режим мен Америка – аймақта лаңкестікті таратушылар. Бірақ, Арабстанның тақмұрагері аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуші Иранды айыптайды» деді.