Сараван шекара аймағында бомба қойылған көлік жойылып, лаңкестер өлтірілді
(last modified Mon, 12 Mar 2018 16:12:23 GMT )
Нау 12, 2018 22:12 Asia/Almaty
  • Сараван шекара аймағында бомба қойылған көлік жойылып, лаңкестер өлтірілді

Ислам революциясының Сақшылар корпусы құрлық күштерінің Құдс базасының қоғамдық байланыстар бөлімі Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Балучестан останындағы Сараван шекара пунктінде бомба қойылған көліктің жойылып, екі лаңкестің өлтірілгенін хабарлады.

IRNA-ның хабарлауы бойынша, Ислам революциясының Сақшылар корпусы құрлық күштерінің Құдс базасының қоғамдық байланыстар бөлімі жексенбі күні түнде Систан мен Балучестан останындағы Сараван аймағындағы Ислам революциясы Cақшылар корпусы құрлық күштерінің шекаралық нысандарының біріне оқ-дәрі мен жарылғыш заттар тиеген бір көлікпен өздерін жарып жіберу арқылы лаңкестік әрекет жасауды көздеген лаңкестік топтардың мүшелері мен қарулы содырлардың ислам жауынгерлерінің қырағылығы мен дер кезіндегі әрекеттерінің арқасында мақсаттарына жетпегенін хабарлады.

Осы мәліметке сәйкес, Сараван аймағындағы шекаралық пунктке жақындай алмаған бүлікшілердің бірі жарылғыш заты бар кеудешесін жарып жіберіп, өлген.    

Екі лаңкес өлтірілген әрекет барысында Сараван аймағындағы шекаралық пункттің екі ерікті күші де жараланды.