Аракчи: Лондондағы Иран елшілігіне шабуыл жасағандар жазаланады
Иран СІМ-нің саяси істер бойынша орынбасары Лондондағы Иран елшілігіне шабуыл жасағандарды тергеу үдерісінің жалғасып жатқанын, Иран СІМ-нің шабуыл жасағандарды жазалау үдерісін бақылауда ұстап отырғанын қуаттады.
Өздерін «Ширази» сектасының жақтастары деп атаған адамдар наурыздың 9 күні Лондондағы Иран елшілігіне шабуыл жасады. «Ағылшындық шиіттер» деп те аталатын «Ширази» сектасы Садеқ Ширази деген адамның ықпалында. Бұл секта сүнниттердің қасиеттіліктеріне де құрметсіздік көрсетеді.
IRNA-ның хабарлауы бойынша, Аббас Аракчи сәрсенбі күні Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің отырысы аясында сөйлеген сөзінде Иран СІМ-нің Лондондағы Иран елшілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлыбритания полициясының шара қолдануда сылбырлық танытқанын тексеріп жатқанын айтып, сол оқиғаға қатысты Ұлыбритания үкіметінің Ираннан ресми түрде кешірім сұрап, өкініш білдіргенін және «кешірім сұрау» деген сөзді қолданып, Иран елшілігінің қауіпсіздігін арттыруға уәде бергенін, бұл істі қазіргі таңда жүзеге асырғандарын мәлімдегенін айтты.