Есфанд айының 29 – Иранда мұнай өнеркәсібі ұлттандырылған күн
Бүгін есфанд айының 29 (наурыз айының 20) күні Иранда мұнай өнеркәсібінің ұлттандырылғанына 67 жыл болды.
Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру жобасы 1951 жылдың наурыз айының 20 күні елдің Мәжілісіндегі мұнай комитеті мүшелерінің ұсынысы арқылы бекітіліп, Иранның мұнайы заңды түрде ұлттандырылды.
Иранның мұнай өнеркәсібінің ұлттандырылуына қарсы саяси кезеңнен кейін британиялықтардың Иранның мұнайына қолдары жетпейтін болды. Бұл мәселе олардың бірте-бірте аймақтан кетуіне себеп болды.
Иранның мұнай өнеркәсібінің ұлттандырылуы сондай-ақ Таяу Шығыстың саяси өзгерістер тарихының маңызды мәселесі болды. Джамал Абдел Насер Иранның мұнай өнеркәсібінің ұлттандырылуынан үлгі алып, Мысырдағы Суэц каналын ұлттандырды.