Ислам революциясы жетекшісінің имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесінде жасаған баяндамасы
(last modified Thu, 22 Mar 2018 15:57:04 GMT )
Нау 22, 2018 21:57 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесінде жасаған  баяндамасы

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіне жиналған зияратшылардың алдында аймақ өзгерістеріне сараптамас жасап, мықты әрі серпінді экономикаға қол жеткізудің негіздерін ұсынды.

Аятолла Хаменеи өткен 40 жылдағы революция негіздерінің табандылығы мен америкалықтардың аймақ үшін дайындаған сұм жобасының залалсыздануына тоқталып: "Өткен жылы Ислам республикасы аймақта Иран халқының ғиззаты мен күш-қуатының туын көтеріп, тәкфиршілердің жеңілуі мен қауіпсіздіктің орнатылуына маңызды үлес қосты",- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи Ислам республикасының бұл үлкен әрекетімен америкалықтардың аймақтағы жобасын залалсыздандырғанын қуаттап: "Америкалықтар ДАИШ сынды залым, қатыгез және жексұрын топтарды құрып, аймақ халықтарын азамат соғыстарына итермелеп, олардың ойларын сионистік режимнен алыстатқысы келді",- деді. Хазірет америкалықтардың ДАИШ-ты жою туралы уәждеріне тоқталып: "Бұл уәждер өтірік. Өйткені, АҚШ-тың саясаты ДАИШ пен соған ұқсас топтарды америкалықтардың қол астында болатындай сақтап қалуды көздейді",- деді.

Алайда АҚШ қастықтарын іске асыра алмады. АҚШ пен оның кейбір еуропалық одақтастарының Иранның аймақтағы саясаттарын қоқан-лоққы деп көрсетуінің себебі де дәл осы мәселеде. Бұл сөздердің маңыздылығы АҚШ-тың аймақ қауіпсіздігін бұзуының мақсатын Иранға соққы беру мақсатымен байланыстырған кезде артады.

Негізінде, АҚШ ДАИШ-ты жоюды мақсат еткен жоқ, сондай-ақ бұл елдің аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күші де жоқ. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, " Себебі, АҚШ 14 жыл бойы Ауғанстанда орналасып, бұл елдің халқын қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің орнына керісінше қауіпсіздік шараларын одан сайын әлсіретті. Бұл – АҚШ-тың әрекеттерінің айқын мысалы".

Расында, өткен брнеше онжылдықта Батыстың Азияны шырмаған қайшылықтары, дағдарыстары мен соғыстары тікелей немесе жанама түрде АҚШ тарапынан жобаланды. АҚШ-тың танымал сарапшысы Наом Хомский АҚШ-тың араласу мақсаттары туралы: "АҚШ – көптеген халықаралық соғыстар мен қайшылықтардың себепкері; Иранның заңды үкіметіне қарсы 1953 жылдың тамыз айындағы төңкеріс сынды әрекеттері арқылы үкіметерді құлатудың факторы",- деді.

Бірақ Иран халқы өткен жылдары АҚШ-тың қастықтарына қарсы табанды болғанын көрсетті. Аятолла Хаменеи Ислам республикасының аймақта қауіпсіздік орнатуда табысқа жеткенін қуаттап: "Бұдан былай да осылай болады",- деп ескертті.

Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасында  сондай-ақ серпінді әрі мықты экономикаға жетудің жолдары ұсынылды.

Ислам революциясы жетекшісінің имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесінде жасаған баяндамасының маңызды жайттарын келешектің жол картасы мен АҚШ-тың аймақтағы сұм мақсаттарының алдында қырағылық сақтаудың негіздері санау керек.