Иран Йеменге жасалып жатқан әскери басқыншылықтың тез арада тоқтатылуын талап етті
(last modified Mon, 26 Mar 2018 09:17:41 GMT )
Нау 26, 2018 15:17 Asia/Almaty
  • Иран Йеменге жасалып жатқан әскери басқыншылықтың тез арада тоқтатылуын талап етті

Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштерінің Йеменге әскери басқыншылығы төртінші жылға аяқ басқанда ИИР СІМ мәлімдеме жариялап, басқыншылықты айыптап, Йеменге әскери шабуылдар жасау мен халықты қырып-жоюды тез арада тоқтатып, қоршауды жоюды талап етті.

ИИР СІМ-нің жексенбі күнгі мәлімдемесінде: "Йеменге қарсы соғыс аймақта тұрақсыздық пен  тынышсыздық тудырумен қоса, ондаған мың адамның қаза болып, жараланып, медициналық және қалалық инфрақұрылымдардың жойылып, 1 млн-нан астам адамның тырысқақ ауруына шалдығып, тәкфирлік және лаңкестік топтардың белсенділіктерінің артуына соқтырды. Басқыншылар Йеменді қиратып, адамзатқа қарсы апат тудырудан басқа ешбір мақсатына қол жеткізбеді.

АҚШ пен Еуропаның кейбір елдері Йеменге басқыншылық жасаушыларды қолдап, оларға қару-жарақ пен қырғи ұшақтар берудің орнына бұл елдегі соғыс пен соғыс қылмыстарын тоқтату үшін шынайы шара қолдануы керек",-деп баса айтты.