Иран Баку мен Ереван арасындағы қақтығыстардың дереу тоқтатылуын сұрады
(last modified Sun, 03 Apr 2016 08:19:35 GMT )
Сәу 03, 2016 14:19 Asia/Almaty
  • Иран Баку мен Ереван арасындағы қақтығыстардың дереу тоқтатылуын сұрады

ИИР Әзірбайжан Республикасы мен Армения арасындағы текетірестің шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, екі тарапты ұстамдылық танытуға шақырды.

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Садеқ Хосейн Ансари Джабери сенбі күні кешке: "Қарабах аймағында Әзірбайжан Республикасы мен Армения арасында қақтығыстардың өрістеуі ИИР-ның алаңдаушылығына себеп болды. Теһран солтүстіктегі екі көршісін де ұстамдылық танытып, қақтығыстарды дереу тоқтатуға шақырады" деді.

Джабери Ансари Әзірбайжан мен Арменияның Қарабах аймағындағы қақтығыстарына байланысты ұстаным білдіріп: "Аймақ әсірешіл топтардың бүлдіргі іс-әрекеттерінің куәсі болып, тыныштық пен тұрақтылықты қажет етіп отырған жағдайда Қарабах аймағында Әзірбайжан Республикасы мен Армения арасында қақтығыстардың шиелінісуі туралы суыт хабардың жетуі ИИР-ның алаңдаушылығын тудырды" деді.

Осындай жағдайда Арменияның Қорғаныс министрлігі кеше сенбі күнгі қақтығыстарда 18 армениялық әскери қызметкердің қаза болып, 35 адамның жараланғанын, сондай-ақ, осы қақтығыстарда 200-ден астам әзірбайжандық күштің өлтірілгенін мәлімдеді.