Иран Кашмирде орын алған қақтығыстарға өкініш білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Кашмирде жуырда орын алған қақтығыстарға өкініш білдіріп, екі жақты ұстамдылыққа шақырды.
Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, министрліктің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні адамдардың өлімі мен жарақат алуына себеп болған Кашмирде жуырда орын алған қақтығыстарға өкініш білдіріп: "ИИР Кашмир халқының мүддесіне сай келетін барлық әрекетті қолдап, қажет жағдайда қайшылықтарды азайтуға көмек көрсетуге дайын",- деді.
Үнді қауіпсіздік күштері мен кашмирлік наразылардың арасында жексенбі күні орын алған қақтығыстардың салдарынан үнділік 3 әскери мен кашмирлік 17 азамат қаза болды.
Үндістан жылдар бойы Кашмирде мыңдаған әскериін орналастырып, сол аймақты өз бақылауында ұстап отыр. Өткен 30 жылда бұл аймақта 68000 адам өлтірілді.
Кашмир халқы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Кашмирдің жағдайын анықтайтын референдум өткізу туралы қарарын іске асырғысы келеді.