Жетекші көзқарасы: Израильмен күресті күшейту – Палестинаның жалғыз шешім жолы
(last modified Thu, 05 Apr 2018 09:34:21 GMT )
Сәу 05, 2018 15:34 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы:  Израильмен күресті күшейту – Палестинаның жалғыз шешім жолы

Ислам революциясының жетекшісі ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияның жуырдағы хатына жауабында Иранның Палестина мен оның күрескерлерін толық қолдайтыны туралы тұрақты позициясын қайталап, Палестина мәселесін шешудің жолын ислам әлемінде күресуші және қарсыласушы фракцияны нығайтып, қылмыскер режим мен оны демеушілермен күресті нығайту деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні күрес пен қарсыласудың жапа шеккен Палестинаны құтқарудың жалғыз жолы екенін және ержүрек халықтың денесіне салынған жарақатқа шипа болатын жалғыз ем екенін айтып: «Өтірікші, алдампаз әрі қылмыскер режиммен келіссөз жүргізуге қарай әрекет жасау – кешірілмейтін үлкен қателік. Бұл Палестина халқының жеңісін кейінге шегіндіріп, жапа шеккен халыққа зияннан басқа ештеңе әкелмейді»,-деп қуаттады. 

ИИР – Палестинаның қорғансыз халқы мен олардың арман-мақсаттарын шынайы түрде қолдап, қорғап келе жатқан әлемдегі жалғыз ел. Жапа шеккен халықтарды олардың құқықтарының орындалуы жолында қолдау – ИИР-ның сыртқы саясаттағы принциптерінің бірі. Палестина халқын жан-жақты қорғау – Иранның осы принципті саясатының символы. Иранда сионистік режимді қолдаған Пехлеви режимі құлағаннан кейін жалған режимнің Теһрандағы елшілігі жабылып, елде Палестина елшілігі ашылды. Мұнымен қоса,  ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің бастамасымен қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы Палестина мәселесін қолдау мақсатында Дүниежүзілік Құдс күні деп аталды. ИИР-ның саясаттары мен шешімдері  Палестина мәселесін араб шеңберінен шығарып, исламдық және жаһандық мәселеге айналдырды.  Бүгінде әлемнің түкпір‑түкпіріндегі қоғамдық пікір Палестина халқының жапа шегіп жатқанын сезіп отыр.

Иран Палестина халқының қарсыласуын материалдық және рухани тұрғыдан қолдаумен бірге саяси салада да Палестина мәселесін шешу үшін көп талпыныс жасады. Палестинаның бүкіл халқының, тіпті басып алынған Палестина жерінен тысқары жерде босып жүрген палестиналықтардың сайлауға еркін қатысып, өз тағдырына қатысты шешім қабылдауы Иранның Палестина мәселесін шешуге бағытталған саяси жобасы болып табылады. Иранның Палестина мәселесіне көзқарасы түбегейлі.  Бұл жоба сионистер, америкалықтар мен олардың аймақтағы демеушілерінің қатты қарсылығына ұшырады.

Палестина мәселесін саяси жолмен дұрыс шешу жолында бүлдіргі әрекет жасау және палестиналықтардың арманын жою мақсатында кейбір арабтардың қиянат жасауы шеңберінде сионистермен бітімге келуге көндіруге жасалған талпыныстармен бір мезгілдегі қарсыласу мен интифаза палестиналық жастардың 70 жыл бойы сионистік режимнің басқыншылығына қарсы күрес тарихындағы алтын беттер болып табылады.  Бірінші, екінші және үшінші интифаза Палестинаның босып кеткен қандастарын отанына қайтару жолындағы арманын орындау үшін тиімді мүмкіндікке айналды. Израильдің басқыншылығы мен нәсілшілдігіне қарсы қарулы қарсыласуды жалғастыру Палестина арманының жеңіске жетуіне жағдай жасайды. 2017 жылы әл-Ақса мешітінің кіреберістеріне қауіпсіздік есіктерін орнатуда сәтсіздікке ұшырауы, енді қайтып оралу құқығын көздеген ұлы шерудің өтуі Израиль режимі мен оны демеушілердің шектен тыс талап етушіліктерімен қарсыласуды күшейтудің тиімділігін көрсетті. Палестиналық күрескер жастардың қайта оралу құқығын қорғау шеруі аясындағы қозғалысы интифазаның жергілікті әлеуетін еселендіріп, сионистік режим, АҚШ пен ымырашыл кейбір араб елдеріне ескерту жасап, босып кеткен палестиналықтардың отанына қайтып оралуына жол бермеуді қамтитын «ғасыр келісімін» жасауға деген кез келген талпыныстың палестиналық күрескерлердің қатаң реакциясына ұшырайтынын дәлелдеді.

Сионистік режим, Сауд режимі мен АҚШ-тың Палестина халқының құқықтары мен армандарын шетке ысырып, сионистік режимге қауіпсіз кеңістік жасауға бағыттаған үшжақты әріптестігі бітімнің сағым екенін одан сайын әшкерелей түсті. Дональд Трамп АҚШ-та билік басына келіп, Сауд Арабиясы сионистік режиммен қарым‑қатынасын қалыптандыру жолына қадам басқаннан кейін бітім мәселесі жаңа қалыпта күн тәртібіне қойылды. Осындай жағдайда аталмыш қастандықты жеңіліске ұшырату үшін ислам әлемі мен Палестинада күрес өзегін күшейтіп, нығайту қажеттілік саналады.