Иран үкіметі валюта бағамының шарықтауын тоқтатуға шешім қабылдады
(last modified Tue, 10 Apr 2018 11:58:42 GMT )
Сәу 10, 2018 17:58 Asia/Almaty
  • Иран үкіметі валюта бағамының шарықтауын тоқтатуға шешім қабылдады

Иранның Вице-президенті сейсенбіден бастап, елдің экономикалық белсенділері, жолаушылары, студенттері және ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін долларды қажет ететін зерттеушілер мен ғалымдарға доллардың бағасының 4200 тұман болатынын жариялады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Исхақ Джаһангири дүйсенбі күні кешке Иран үкіметі экономикалық штабының валюта бағамын бақылауға алуға қатысты төтенше отырысынан кейін сөйлеген сөзінде барлық бөлім үшін қажет валютаның Орталық банк пен айырбастау пункттері арқылы қамтамасыз етілетінін айтты.

Иран Вице-президенті дұшпандардың, әсіресе америкалықтардың басқа елдердің Иранмен экономикалық ынтымақтастық орнатуының алдын алу мақсатында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейінгі ел экономикасын    дағдарысты жағдайға түседі деп көрсетуге әрекет жасап жатқанын мәлімдеп: "Иран үкіметі Иранның экономикалық жағдайының тұрақсыздыққа түсуіне рұқсат етпейді. Иран үкіметі әртүрлі мемлекеттермен әртүрлі салаларда миллардтаған долларлық келісімдерге қол қойды»,- деді.