Джабери Ансари: Алпауыт елдердің Сириядағы жобалары лаңкестікті қолдайтын құралға айналды
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі көмекшісі Сириядағы химиялық қаруды пайдалану жобасын кейбір мемлекеттердің лаңкестікті құрал ретінде пайдалануды жалғастыру үшін жобалаған айла-шарғысы деп атады.
Иран Сыртқы істер министрінің көмекшісі сейсенбі күні Теһранда Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лавреньтевпен кездескен соң сөйлеген сөзінде: "ИИР химиялық қару мәселесін құрал ретінде пайдалануды қабылдамайды. Егер химиялық қарудың пайдаланылуы туралы уәж айтылса, Иран бұл мәселені заңды түрде бақылауға дайын. Сирияда жаңа өзгерістер болып жатыр. АҚШ пен басқа мемлекеттердің Сирия үкіметіне қарсы қоқан-лоққылары Дума қаласында химиялық қару қолданылу жобасымен байланысты. Заманауи кезеңдегі химиялық қарудың ең үлкен құрбаны саналатын Иранның ұстанымы әрқашан анық болды. Теһран қарудың мұндай түрінің қолданылуын еш уақытта қабылдамайды",- деді.