Бүгін – хазірет имам Мұса Каземнің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығы
(last modified Thu, 12 Apr 2018 11:21:05 GMT )
Сәу 12, 2018 17:21 Asia/Almaty
  • Бүгін – хазірет имам Мұса Каземнің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығы

Бүгін, бейсенбі х.қ.ж.с.б. 1439 жылдың режеп айының 25-ші жұлдызы, сәйкесінше 2018 жылдың 12 сәуірі – әлем шиіттерінің жетінші имамы хазірет Мұса Каземнің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығы.

Имам Мұса Казем (ғ.) әкесі имам Джафар Садықтың (ғ.) көптеген ғалымдардың басын қосқан ұлы ғылыми мектебінде болып, әкесінің ізгі қасиеттерінен нәр алып, тақуалық, төзімділік, ержүректік пен әділет талап ету сияқты жоғары сипаттар мен қасиеттер бойынша үлгіге айналды.

Имам Мұса Казем (ғ.) шамамен 35 жыл бойы имамат міндетін атқарып, осы мерзімнің ұзақ жылдарын түрме мен қудалауда өткізді.

Сол кездегі Аббаси әулеті халифтерінің бірі Харун әр-Рәшид хазірет имам Мұса Каземнің (ғ.) ғылымы мен даналығының  шексіз теңізінен халықтың сусындауын қаламағандықтан қастандық ұйымдастырып, имамды түрмеде уландырған. Соның салдарынан хазірет х.қ.ж.с.б. 183 жылы 55 жасында шәһид болды.

ИИР Телерадио бірлестігі барша мұсылмандарға имам Мұса Каземнің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығына орай көңіл айтады.