Саудиялықтар Таяу Шығыста сионистермен бірге басқыншылық пен қылмыстың символына айналды
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми: "Сауд Арабиясының қазіргі билеушілері сионистік режимнің қасынан табылып, өздерін Таяу Шығыста басқыншылық пен қылмыстың символына айналдырды",-деді.
Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның Францияға сапары барысында Иранға қарсы айтқан сөздеріне білдірген реакциясында: "Аймақтың елдері мен халықтары әл-Каида мен ДАИШ сияқты қатігез әрі лаңкес экстремистерді қалыптастыру, тарату және қару-жарақпен қамтамасыз етудегі Сауд Арабиясының рөлін ешқашан ұмытпайды. Бұл лаңкестік топтар аймақтағы кейбір көршілес елдерде сансыз қылмыс жасап, гуманитарлық апаттар тудырды.
Егер саудиялық билеушілер Йеменге басқыншылығы мен Құдсты басып алған режимге жақтасқандағы сәтсіз саясаттарын түсіндіруде өздерінің қара тарихына миллиардтаған доллар жұмсауды қажет етіп, кейбір трансаймақтық елдердің қолдауын сатып алуға тәуелді болып отырса, аймақтың жуырдағы тарихына, әсіресе өзінің дос әрі аймақтағы серіктесі Ирактың өлім жазасына кесілген диктаторы Саддамның өміріне қайта көз жүгіртуі керек",-деді.