Иранның Мәжіліс Төрағасының Вьетнам мен Шри-Ланка сапары басталды
(last modified Mon, 16 Apr 2018 03:14:36 GMT )
Сәу 16, 2018 09:14 Asia/Almaty
  • Иранның Мәжіліс Төрағасының Вьетнам мен Шри-Ланка сапары басталды

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы парламенттік делегацияны бастап, Теһраннан Вьетнамның астанасы Ханойға аттанды.

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани Вьетнам басшыларымен кездесіп, пікір алмасқан соң Ханойдан Шри-Ланканың астанасы Коломбоға аттанады.

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы жексенбі күні Теһраннан аттанардан бұрын журналистерге берген сұхбатта Иран мен Вьетнамның жақсы экономикалық мүмкіндіктер мен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қажет жағдайға ие екендігін айтты.

Лариджани Иран мен Вьетнам арасындағы жақсы парламенттік ынтымақтастық пен саяси кеңесулерге тоқталып, осы сапарда әртүрлі салалардағы экономикалық қарым-қатынастарды дамыту және халықаралық мәселелер туралы кеңесетіндіктерін мәлімдеп, Иран мен Шри-Ланка арасындағы сауда  қатынасын оң бағалап, Шри-Ланка басшыларымен да экономикалық және парламенттік ынтымақтастықтар мен аймақ пен халықаралық мәселелер туралы пікір алмасулардың өтетінін айтты.