ИИР Армиясы: революция жетекшісінің көзқарасы
https://itolqyn.com/news/iran-i36294-ИИР_Армиясы_революция_жетекшісінің_көзқарасы
Фарвардин айының жиырма тоғызы, сәйкесінше сәуірдің он сегізі - ИИР Армиясының күні. Бұл - Иран әскерилерін марапаттап, олардың батылдығына құрмет көрсететін күн.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 18, 2018 14:39 Asia/Almaty
  • ИИР Армиясы: революция жетекшісінің көзқарасы

Фарвардин айының жиырма тоғызы, сәйкесінше сәуірдің он сегізі - ИИР Армиясының күні. Бұл - Иран әскерилерін марапаттап, олардың батылдығына құрмет көрсететін күн.

ИИР Армиясы қасиетті қорғаныс соғысы кезінде өзінің бар мүмкіндігімен елді қорғап, дұшпанға қарсы тұрды. Иран армиясы мен басқа қорғаныс органдарының аймақтың қазіргі жағдайында АҚШ-тың әскери араласуы мен қоқан-лоққылары кезінде қауіпсіздікті сақтаудағы рөлі ерекше маңызды.

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының сегіз жылдық қорғаныс соғысы кезіндегі қарсыласуы мен табандылығын маңызды тәжірибе деп бағалап: "Ислам республикасының жеңіске жетуі мен жүйенің АҚШ пен әлемдік үстемдіктің қоқан-лоққыларына және ақпарат құралдарына қарсы тұруына әскери күш-құдыретке ие болуы себеп болды",- деп қуаттады.

Таңылған соғыстан кейінгі жылдары АҚШ аймаққа тікелей әскери араласу саясатын жүргізіп, Ауғанстан мен Иракты басып алып, НАТО әскерилерін орналастырды. Сондай-ақ, Ирак пен Сириядағы ДАИШ лаңкестері, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылы және гибридтік соғыстар аймақ қауіпсіздігін нысанаға алды.

Мұндай жағдайда Иран армиясы мен басқа қорғаныс органдары революцияшыл өзгерістерімен әскери дайындықтары мен рухани дамуды жалғастырды.

Ислам революциясының жетекшісі әрі Иранның бүкіл Қарулы күштерінің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи: "Әскери күштердің әртүрлі салалардағы дамуы өте маңызды. Бірақ, артта қалушылыққа байланысты дамудың жылдамдығын арттырып, дұшпан тіпті бұл елдің шекараларына жақындау туралы ойламайтындай күш-құдыретке ие болуымыз керек",- деді.

Әрине, дұшпанның аймақтағы қоқан-лоққылары бұрынғы кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Сондықтан жағдайға сай стратегиялық күш-құдыреттің қажет екені анық. Осыған орай Иран армиясы мен қарулы күштері өзінің әскери әлеуетін арттырып, қоқан-лоққыларға қарсы табандылық танытуда. Армия мен Ислам революциясы Сақшылар корпусы күштерінен құрылған Иран қарулы күштері дұшпандар мен олардың қоқан-лоққыларына сан рет қарсы тұрып, оларды Иран қарулы күштерімен қақтығысқа шыққандары үшін өкіндірді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи "Пайғамбар әулетінің ғашықтары  және тәкфиршілер мәселесі" деп аталған басқосуға келген қонақтармен кездесуінде АҚШ пен сионистік режимнің шамамен 40 жыл бойы исламдық жүйеге қарсы қысым және санкция арқылы қастандық жасауына тоқталып: "ИИР-ның күпірлік пен үстемдікке қарсы тұруға көмек көрсететінін және бұл мәселеге қатысты ешкімнен ақыл сұрамайтынын жариялаймын",- деп баса айтты.