Иран армиясының жетістіктері көрсетілді
https://itolqyn.com/news/iran-i36312-Иран_армиясының_жетістіктері_көрсетілді
Фарвардиннің жиырма тоғызы – Армия күніне арналған үлгілі бірліктердің ортақ парадында ИИР құрлық күштерінің жетістіктері мен құрал-жабдықтары көрсетілді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 19, 2018 01:02 Asia/Almaty
  • Иран армиясының жетістіктері көрсетілді

Фарвардиннің жиырма тоғызы – Армия күніне арналған үлгілі бірліктердің ортақ парадында ИИР құрлық күштерінің жетістіктері мен құрал-жабдықтары көрсетілді.

Бүгін фарвардиннің жиырма тоғызы ИИР Армиясы күні Теһранда өткен Иран Армиясы күштерінің ортақ парадында «Камин-2» зымырандық кешенінің тұсауы кесілді.

Бұл зымырандық кешен төмен биіктікте ұшқышсыз басқарылатын әртүрлі ұшақтар мен төмен биіктіктегі нысанаға алынған ұшақтармен қарсыласу мақсатында қолданылады. Сонымен қатар «Мерсад» зымыран кешенінің жетілдірілген түрі саналатын аталмыш кешен қорғаныстық жаттығуылар барысында сынақтан өткізіліп, қолданысқа берілген.

Рәсімде әлемдегі ең дамыған броньды кешендермен жабдықталған «Зулфақар» танкінің соңғы моделі, ММ-57 деген екі зеңбірекпен жабдықталған «Баһман» дөңгелекті әуе қорғаныс кешені, әуе-су тактикалық көліктердің үстіне тиелетін 23 калибрлі BTR зеңбірегі, нысанның үстіне бекітілетін мүмкіндікке ие ММ-23 зеңбірек кешені көрсетілді.