ИИР жүйесіне қарсы үлкен әрі күрделі соғыс жүріп жатыр
(last modified Thu, 19 Apr 2018 10:44:57 GMT )
Сәу 19, 2018 16:44 Asia/Almaty
  • ИИР жүйесіне қарсы үлкен әрі күрделі соғыс жүріп жатыр

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні таңертең Иранның Барлау министрі және осы ведомствоның жауапты тұлғалары мен бір топ қызметкерімен кездесуінде ИИР жүйесіне қарсы дұшпандардың үлкен әрі күрделі соғысына тоқталып, қарсы тараптың тыңшылық ұйымдарын осы текетірестің басты өзегі деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі осы соғыстың мақсаттарын түсіндіруде күрделі ақпараттық соғыстың көлеміне тоқталып: "Біз бір үлкен соғыс майданының ортасында тұрмыз. ИИР жүйесі бір жақта, оның қарсы жағында дұшпандардың кең әрі қуатты майданы тұр",-деді. 

Дұшпандардың басты мақсаттарының бірі қауіпсіздік, барлау, экономика және мәдениет салаларына ықпал ету арқылы аймақта дағдарыс тудырып, мұндағы халықтардың басын осы қолдан жасалған дағдарыстармен шырмап қою болып отыр.

Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасы шын мәнінде  аймақтық және халықаралық деңгейдегі жұмсақ соғыстың мақсаттарының түп-төркінін ашу болып табылады.

Соңғы жылдар мен онжылдықтар барысында АҚШ-тың сыртқы саясаттағы қатынасы, ұстанымдары мен амал-әрекеттеріне шолу жасағанда АҚШ саясаткерлерінің басты мақсатының ИИР-ның қауіпсіздік кеңістігіне кіріп, революцияға ықпал ету болғанын көруге болады. «Ену» және «ықпал ету» шын мәнінде Ислам революциясының жетекшісінің осы жөнінде және АҚШ-тың Иран мен аймаққа қатысты сыртқы саясатын түсіндіруде қолданған екі негізгі сөзі болды.

Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасында АҚШ-тың аймаққа қатысты ұзақ мерзімді жоба-жоспарларына қарсы қырағылықты сақтау қажеттігін еске салатын бірнеше маңызды тақырып қарастырылған. Ол осы соғыстың көлемі мен таралымын баяндай келіп, әртүрлі тәсілдерді, соның ішінде "ену және мәлімет ұрлау", "шешім қабылдаушылардың есебін өзгерту", "халықтың сенімдерін өзгерту", "қаржы-экономикалық бейберекеттік тудыру" және "қауіпсіздік саласында келеңсіздік тудыруды" атап өтіп, осы мақсаттардың күн тәртібіне қойылғанын еске салды. 

Хазірет аятолла Хаменеи валюта нарығындағы қазіргі мәселелерге тоқталып: "Бұл мәселелерге нақтылап қараған кезде бөгде елдердің барлау ұйымдарының ізі айқын байқалады",-деді.

Осы үдерістегі басты жайт – жұмсақ соғыстағы мақсаттар арасында сабақтастықтың болуы. Хазірет аятолла Хаменеи осыдан бұрын да дұшпанның жұмсақ соғысын әскери соғыстан қауіптірек деп айтып: "Қазіргі таңда соғыс әскери сипатта емес, өйткені олар әскери соғыс жүргізбейді. Мұндай соғыс жүргіземіз десе, қатты қателеседі",-деп айтқан болатын.

Ислам революциясы жетекшісінің дұшпандардың ықпалына қатысты қырағы әрі хабардар болу қажеттігін ескертуі мына тұрғыдан маңызды: олар күрделі ақпараттық және тыңшылық тәсілдер мен мәлімет ұрлап революция мен жүйенің өн бойына енуді көздейді. Осылайша өздерінше түпкілікті мақсаты, яғни жүйені құлатып, жеңіліс таптыруға қол жеткізуді мақсат тұтады.

Ислам революциясы жетекшісінің кешегі баяндамасы шын мәнінде осы маңызды да ауыр жұмыста Иранның Барлау министрлігіндегі басшылар мен арнайы өкілдердің қырағылығын сақтау қажеттігін еске салады. 

 

Тегтер