Америка дағдарыстар жасау арқылы күн көреді. Американдық қару-жарақ компанияларының соңғы соғыстардан түскен пайдасына шолу
(last modified Tue, 22 Oct 2024 12:23:59 GMT )
Қаз 22, 2024 18:23 Asia/Almaty
  • Америка дағдарыстар жасау арқылы күн көреді. Американдық қару-жарақ компанияларының соңғы соғыстардан түскен пайдасына шолу

ParsToday - Украинадағы дағдарыс және Израиль режимінің Батыс Азия аймағындағы соғыс ашуы АҚШ үшін ең жоғары пайдаға қол жеткізе алатын жағдай туғызды.

Американың күш-қуатына жасалған тарихи шолу бұл елдің күшінің әлемдік дағдарыстарға байланысты болғанын көрсетеді. Pars Today агенттігінің «Басират» аналитикалық ақпарат сайтының сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік режимнің Батыс Азия аймағындағы кең ауқымды соғысына куә болып отырған қазіргі жағдайда АҚШ-тың соғысты басқаруын және сионистерді атысты тоқтатуға көндіретінін күтпеуіміз керек.

Америкалықтардың Газа соғысы кезінде сионистік режимнің соғыс машинасын қолдауға қатысты көптеген арандатушылық мәлімдемелері американдықтардың Батыс Азия аймағындағы қауіпсіздік пен соғыс пен лаңкестікті жалғастыруға ұмтылысын көрсетеді. Сондықтан Палестина мен Ливандағы апат пен адам дағдарысының артында американдық қару-жарақ компанияларының акцияларынан орасан зор және бұрын-соңды болмаған пайда тауып жатқан инвесторлар тұр.

Осы аяда «Жауапты мемлекеттік кәсіп» зерттеу орталығы бір баяндамасында: Американың қару-жарақ компаниялары сионистік режимнің Ливан мен Газадағы апаты салдарынан орасан зор пайданы қалтаға басып жатыр»,- деп жариялады.

«Жауапты мемлекеттік іс» зерттеу орталығының есебіне сәйкес: Израильдің Газа мен Ливандағы жазықсыз адамдарды бомбалау үшін пайдаланған F-35 жойғыш ұшақтарын шығаратын әлемдегі ең ірі қару-жарақ компаниясы Lockheed Martin бір жылдың ішінде 54,86% жалпы табысқа қол жеткізді, бұл айтарлықтай өсім.

Оң жақтағы сурет, американдық Lockheed Martin компаниясы, әлемдегі ең ірі қару-жарақ компаниясы

 

Осы есеп бойынша, американдық Raytheon компаниясының акциялары да инвесторлар үшін ерекше табыс әкелді және нарықтың ең күшті акцияларынан шамамен 46% жақсы нәтиже көрсетті.

Raytheon, Lockheed Martin-тен кейін, ірі бомбаларға маманданған әлемдегі екінші ірі қару-жарақ компаниясы; Израильдің бейбіт тұрғындар көп шоғырланған тыйым салынған аймақтарда, соның ішінде Газа мен Ливанда қолданған бомбалары көпшілігі әйелдер мен балалар болатын көптеген жазықсыз бейбіт тұрғындардың өліміне әкелді.

Ливандағы Хизболла ұйымының бас хатшысы шәһид Сейед Хасан Насролланы өлтіру кезінде Израиль пайдаланған миномет бомбаларын шығаратын американдық «General Dynamics» компаниясы шамамен 37% табыс тапты.

Соғыс пайдасы кейбіреулерге ұнамсыз болса да, ірі инвестициялық банктердің сарапшылары бұрын корпорация басшыларынан Израильдің Газа мен Ливандағы соғыстарына инвестиция салуды сұраған.

Израильдің Газадағы және қазір Ливандағы соғысынан бір жыл өткен соң, бұл талдаушылардың көзқарасының философиясы анық; Осыған байланысты Израильдің Ақ үйдің кепілдігімен америкалықтардың екіжүзді атысты тоқтату талабына қайшы келетін соғыстары қару-жарақ пен ақшамен қамтамасыз етумен жалғасуда.

Тегтер