Ислам революциясының жетекшісі: Синвардың шәһид болуымен қарсыласу майданы тоқтамайды
(last modified 2024-10-19T10:37:20+00:00 )
Қаз 19, 2024 16:37 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Синвардың шәһид болуымен қарсыласу майданы тоқтамайды

ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі қолбасшы Синвардың шәһид болуына байланысты жолдау жариялады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи аймақтың мұсылман халықтары мен жалынды жастарына арнаған жолдауында қаһарман күрескер, қолбасшы Яхья әл-Синварды құрметтеп, былай деп баса айтты: «Қарсыласу майданы осыған дейін беделді адамдарының шәһид болуымен ілгерілеуді тоқтатпағанындай, Алла қаласа, Синвардың шәһид болуымен де тоқтамайды. Хамас тірі және тірі қалады».

 

Ислам революциясы жетекшісінің жолдауының мәтіні:

بسم الله الرّحمن الرّحیم

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен

Мұсылман халықтары! Өңірдің жалынды жастары!

Қаһарман күресші, қолбасшысы Яхья Синвар шәһид серіктеріне қосылды. Ол қарсылық пен күрестің жарқын жүзі болды. Ол қатыгез де басқыншы жауға болат табандылықпен қарсы тұрды. Ол оған әдептілікпен және батылдықпен соққы берді. Бұл өлке тарихында 7 қазанның орны толмас соққысын қалдырды. Содан кейін ол абыроймен және мақтанышпен шәһидтер миғражына көтерілді.

Бүкіл өмірін басқыншы, жауыз жауға қарсы күресте өткізген ол сияқты  адамның шәһид болуы өмірден озуы үшін лайықты жол. Оның жоқтығы, әрине, қарсыласу майданы үшін ауыр, бірақ бұл майдан шейх Ахмад Ясин, Фатхи Шақақи, Рентиси және Исмаил Хание сияқты көрнекті тұлғалардың шәһид болуымен алға жылжуды тоқтатқан жоқ, және Синвардың шәһид болуымен де тоқтамайды. Алла қаласа. Хамас тірі және тірі қалады.

Әдеттегідей шын ықыласпен күрескерлермен бірге боламыз. Алланың рақымымен және көмегімен.

Яхья әл-Синвар бауырымыздың шәһид болуымен оның отбасына, жолдастарына және Алла жолында жиһадқа шыққандарға көңіл айтамын.

والسّلام علی عباد الله الصّالحین

 Сейед Әли Хаменеи

28.07.1403 ж. (19.10.2024)

 

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы Яхья әл-Синвар сәрсенбі күні, қазанның 16-сы күні Рафах қаласында (Газа секторының оңтүстігінде) сионистік басқыншылардың дұшпанымен соғысып жатқанда шәһид болды.

Тегтер