Имам Хаменеи: Ислам Республикасы әлемге жүйе мен елдің негіздерінің теңдесі жоқ күшін көрсетті
https://itolqyn.com/news/iran-i81198
ParsToday - Сионистік режимнің Иран халқына қарсы 12 күндік таңғалдырған соғысында азаматтарының шәһид болуының 40-шы күніне орай, Ислам революциясының жетекшісі тарапынан имам Хомейни хусейниесінде шәһидтер отбасылары мен халықтың әртүрлі топтарының, сондай-ақ бір топ басшылардың қатысуымен өткен шәһидтерді еске алу рәсімі өтті.
(last modified 2025-07-30T00:17:58+00:00 )
Шіл 30, 2025 06:30 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Ислам Республикасы әлемге жүйе мен елдің негіздерінің теңдесі жоқ күшін көрсетті

ParsToday - Сионистік режимнің Иран халқына қарсы 12 күндік таңғалдырған соғысында азаматтарының шәһид болуының 40-шы күніне орай, Ислам революциясының жетекшісі тарапынан имам Хомейни хусейниесінде шәһидтер отбасылары мен халықтың әртүрлі топтарының, сондай-ақ бір топ басшылардың қатысуымен өткен шәһидтерді еске алу рәсімі өтті.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жиында сөйлеген сөзінде бұл соғысты Ислам республикасының ерік-жігері мен күш-қуатының және негіздерінің теңдесі жоқ мықтылығының көрінісі деп атады. Дұшпандық әрекеттердің негізгі себебін арам пиғылды адамдардың ирандық ұлттың иманына, білімі мен бірлігіне қарсы тұруы екеніне тоқталып: «Алланың қолдауымен халқымыз иманды күшейту және түрлі білімдерді кеңейту жолынан таймайды және дұшпанның соқырлығымен Иранды даму пен даңқ шыңына жеткізе аламыз»,- деді.

ParsToday Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесінің ақпараттық сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, аятолла Хаменеи соңғы соғыста шәһид болған әскери қолбасшылар, ғалымдар мен ардақты адамдардың  жақындарына көңіл айта отырып: «Иран халқы осы 12 күнде үлкен мәртебеге қол жеткізді. Бүгін бүкіл әлем Иран ұлтының әлемге өзінің күшін, төзімділігін, табандылығын және ерік-жігерін көрсете білгенін мойындап, әрбір адам Ислам республикасының құдіретін өз көзімен сезінді»,- деп айтты.

Ол Ислам республикасы негіздерінің теңдесі жоқ күштілігін соңғы соғыстың тағы бір артықшылығы деп атап: «Бұл оқиғалар біз үшін бұрын-соңды болмаған және өткен 46 жыл ішінде Ислам республикасы сегіз жылға созылған таңбаларлық соғысқа қоса, төңкеріс, әртүрлі әскери, саяси және қауіпсіздік күштері мен әлсіз тұлғаларды ұлтқа қарсы әрекет етуге мәжбүрлеу сияқты оқиғалармен бетпе-бет келіп, дұшпанның барлық айла-шарғыларының жолын кесті»,- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі Ислам республикасының негізін екі діңгегі «дін» және «білім» деп атап: «Иран халқы мен жастары осы екі тірекке сүйене отырып, дұшпандарды әртүрлі салаларда шегінуге мәжбүр етті және олар бұдан былай да бұл әрекетті жалғастырады»,- деп баса айтты.

Қылмыстық Америка бастаған жаһандық үстемшілдіктің Ислам Республикасына қарсы тұруының басты себебін дін, білім және ирандықтардың Құран мен Исламның көлеңкесіндегі бірлігі деп санап: «Олардың ядролық қару, уран байыту және адам құқығы мәселелерін көтеруі – сылтау, ал олардың ыңғайсыздығы мен қарсылығының негізгі себебі – жаңа дискурстың пайда болуы мен Ислам Республикасының әртүрлі ғылыми, гуманистік, техникалық және діни салалардағы мүмкіндіктері»,- деді.

Аятолла Хаменеи Иран ұлтының Алланың қолдауымен діні мен білімін тастамайтынын баса айтып: «Дінімізді нығайту және әртүрлі білімімізді кеңейту және тереңдету үшін үлкен қадамдар жасаймыз және дұшпанның соқырлығымен Иранды прогресс пен даңқ шыңына жеткізе аламыз»,- деп қосты.