Иранның Сақшылар корпусының жауынгерлері Ислам үмбетін бақытсыздықтан қорғайтын қалқанға айналды
(last modified Sat, 21 Apr 2018 17:10:03 GMT )
Сәу 21, 2018 23:10 Asia/Almaty
  • Иранның Сақшылар корпусының жауынгерлері Ислам үмбетін бақытсыздықтан қорғайтын қалқанға айналды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысының орынбасары Сардар Салами: "Иранның Сақшылар корпусының жауынгерлері үстеріне джиһад киімін киген күннен бастап Ислам үмбетін бақытсыздықтан қорғайтын қалқанға айналды",- деді.

Бригада генералы сардар Салами осы аптадағы Теһран жұма намазы құтпаларының алдында сөйлеген сөзінде баршаны имам Хусейннің (ғ.с) туған күнінің жылдығымен және Сақшылар күнімен құттықтап: "Әлем шиіттерінің үшінші имамы имам Хусейннің (ғ.с) ашуралық қозғалысы баршаға мұсылмандарды құтқарып, бақытқа жеткізетін жалғыз жолдың джиһад бағыты арқылы өтетінін және қанаушылармен күресте ешқандай шектің болмайтынын үйретті.

Иран қоқан-лоққыларға қарамастан мазлұмдар мен әлсіздерді қорғауды тоқтатпайды. Дұшпандар Иранды қарусыздандыру арманын өздерімен көрге әкетеді.

Сіздердің шегінетін жолдарыңыз жоқ. Қарсыласу майданы бұрынғыдан да қуатты қалқанғ айналды. Қандай соғыс орын алмасын ол сионистердің көзінің жойылуымен аяқталады",- деді.