Рухани: Америка мен Батыс араб әлемінің қазба байлығын талан-таражға салуды көздеуде
ИИР-ның президенті америкалықтар мен батыстықтардың араб әлемінің қазба байлықтарын талан-таражға салуды мақсат ететінін айтты.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Иранның солтүстік-шығысындағы «Табриз-2018» атты шараның ашылу салтанатында Палестинаның мазлұм халқына қатысты сионистердің зұлымдығы мен қырғынының қате және бұрыс көзқарастан туындағанын айтып: «Аймақтың кейбір елдері Ақ Үй Азияның батысы үшін шешім қабылдауы керек, басқыншы әрі зұлым бір режим осы аймақтың кейбір халықтарына үстемдік ете алады деп ойлайды» деді.
Иран президенті бөгде елдердің Таяу Шығыс аймағы үшін ешқандай қауіпсіздік сыйламайтынын баса айтып: «Ауғанстанның қиратылуы, жер мен әуеден Иракқа шабуыл жасау, аймақты лаңкестіктің жайылуы мен Арабстанның ықтиярына ұшақтар мен бомбалардың берілуі аймақтағы бөгделердің құзырының салдарлары» деді.
Иранның атқарушы билігінің басшысы туризмді кеңейтуді әлеммен сындарлы әрекеттестік жасау жолдарының бірі деп атап, туризмнің халықтардың әлем мен өткен тарихқа қатысты дұрыс пікірге ие болуына себеп болатынын қуаттады.
Табриз 2018 жылғы ислам елдерінің туристік астанасы болып белгіленді.