Ислам революциясының Сақшылар корпусы көптеген жүрдек қайық өндірді
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Теңіз күштері қолбасшысы 80 knot (теңізде қашықтықты өлшейтін бірлік) жылдамдыққа ие көптеген жүрдек қайықтардың өндірілгенін хабарлады.
Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарасты Теңіз күштерінің қолбасшысы Әли Фадави жексенбікүні Теһранда журналистердің алдында сөйлеген сөзінде бұл күштердің өткен жылы көптеген жүрдек қайықтар өндіргеніне тоқталып: «Ислам революциясының Сақшылар корпусы биыл да кеме жасау ісін арттырады» деп мәлімдеді.
Әли Фадави АҚШ-ты аймақтағы барлық тынышсыздықтардың себепшісі деп атап: «Егер америкалықтар авантюризмнен бас тартса, аймақта ешқандай қиындық пен бейберекеттік болмайды»,- деп қуаттады.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи да жексенбі күні АҚШ-тың Иранның зымырандық жұмыстарын сынауына қатысты пікір білдіріп: «ИИР қисыны бойынша келіссөздерге де қатысады, зымырандарды да сынақтан өткізеді»,- деді.