Қазақстан мәдениет және туризм саласында Иранмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
(last modified Mon, 30 Apr 2018 09:47:27 GMT )
Сәу 30, 2018 15:47 Asia/Almaty
  • Қазақстан мәдениет және туризм саласында Иранмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

еһрандағы Қазақстан елшісінің орынбасары ИИР мен Қазақстанның мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге мүдделік танытты.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Нұржан Абдуллаев Табриз қаласында екі елдің тарихи және сауда-саттық ортақтастықтарына сілтеме жасап: "Астана Теһранмен турист алмасуды арттырып, Қазақстан халқын Иранның көрікті жерлерімен, әсіресе Ислам әлемінің туристік астанасы ретінде танылған Табриз қаласымен таныстыруды көздеп отыр",- деді.

Қазақстандық дипломат екі ел арасында визаның болуын Қазақстан мен Иран арасындағы туристердің көбірек және жақсырақ алмасу жолындағы тосқауыл деп атап: "Екі мемлекет алдағы жылдың соңына дейін екі ел арасындағы визалық режимді алып тастауға келісті",- деді.

"Табриз – 2018" халықаралық туризм салтанатты рәсімі сенбі күні Иран президенті Хасан Рухани, бір топ шетелдік елшілер мен аймақ елдерінің туризм министрлерінің қатысуымен басталған болатын.