Иранның Мұнай министрі: Әлемдік мұнай нарығы саясаттан бөлек болуы керек
Иранның Мұнай министрі: "Әлемдік мұнай нарығы саясаттан бөлек болуы керек, өйткені араласушылықтар бұл саладағы жұмыстарға зиян келтіреді",- деді.
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Теһранда Мұнай, газ және мұнай химия өнеркәсібінің халықаралық 23-ші көрмесінің ашылу рәсімінде Иранның әлемдік мұнай мен энергетика нарығында немқұрайдылық танытылатын мемлекет емес екенін қуаттап: "Иран әрқашан мұнай бағасының ақылға сай болуын қуаттады. Өйткені, бұл баға мұнай өндірушілердің өнімдерін арттыруға жігерлендіріп, әлемдік нарықтың тұрақсыздануының алдын алады",- деді. Ол сондай-ақ, мұнай өнеркәсібінің Иранның экономикалық дамуына себеп бола алатындығына тоқталып: "Халықаралық мұнай өнеркәсібі мұнай пайдасымен бірге экономикалық дамуға жеткізеді",- деді.
Мұнай өнеркәсібінің Халықаралық 23-ші көрмесі жексенбі күні 1053 ирандық және әлемнің 37 елінен жиналған 600 компанияның қатысуымен Теһранда өз жұмысын бастады. Бұл көрме көлемі және қатысушыларының санына байланысты Таяу Шығыс деңгейінде бірінші, әлем деңгейіндегі бесінші көрме саналады.