Ғасеми: Америка «Ортақ қадамнан» шыққан жағдайда ауыр құн төлейді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Америка «Ортақ қадам» бағдарламасынан шығатын болса ауыр құн төлейтінін айтты.
Иран Телерадио бірлестігінің Хабар және сараптама Бас кеңсесі тілшісінің мәліметіне сәйкес, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми дүйсенбі күні республикалық және шетелдік тілшілермен өткізген отырыста «Ортақ қадамның» болашағы мен Американың осы халықаралық келісімнен ықтималды шығуы туралы айтқан сөзінде: "«Ортақ қадам» өзіне тән ерекшеліктерге ие. Одан оңайлықпен шығу мүмкін емес.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Дональд Трамптың Америка президенті болып жұмысқа кірісуінен бері «Ортақ қадамнан» шығу мәселесі айтылып келеді. Бұл тұрғысында барлық болжамдар қарастырылды. «Ортақ қадамнан» шығатын болса, Вашингтон ауыр құн төлейтін болады. Иран «Ортақ қадамды» бірінші болып бұзбайды. Егер болашақта осы халықаралық келісімнің ИИР үшін пайдасы болмаса, оған қатысты шешім қабылданады» деді.