Лариджани: Иран мен Түркіменстан қарым-қатынастарын кеңейту үшін көптеген мүмкіндік бар
(last modified Sun, 13 May 2018 18:35:50 GMT )
Maм 14, 2018 00:35 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран мен Түркіменстан қарым-қатынастарын кеңейту үшін көптеген мүмкіндік бар

ИИР Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Түркіменстанмен қарым-қатынастарды кеңейту үшін көптеген мүмкіндік бар екендігін, сондықтан соларды пайдалану қажеттігін қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен Теһрандағы кездесуінде: "Құдайға шүкір, Иран мен Түркіменстан қарым-қатынастарын ілгерілету үшін жақсы мүмкіндіктер бар. Сондықтан оларды екіжақты қарым-қатынастары деңгейін арттыруға пайдаланған жөн. Иран мен Түркіменстан мәдениетінің бір-біріне жақын болуы сауда және экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге себеп бола алады",- деді.

Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов те Иранмен қарым-қатынастарын кеңейтуді елінің басты мәселелерінің бірі деп атап: "Екі елдің халқы ортақ мәдениет, тарих пен көзқарасқа ие. Бұлар саяси және экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға көмектесе алады",- деді.