Революция жетекшісі: Азия елдері бір-бірімен барынша ынтымақтастық жасауы керек
(last modified Mon, 14 May 2018 12:35:12 GMT )
Maм 14, 2018 18:35 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі: Азия елдері бір-бірімен барынша ынтымақтастық жасауы керек

Ислам революциясының жетекшісі: "Азия елдері бір-бірімен барынша ынтымақтастық жасауы керек. Себебі, ынтымақтастық оларды күшейте түседі",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Шри-Ланка президенті Майтрипала Сирисенамен кездесуінде екі ел мен осы субконтинент елдерімен арадағы тарихи-мәдени қатынастарға тоқталып, Иран мен Шри-Ланка арасындағы сауда-саттық қатынастардың қазіргі деңгейін қолда бар әлеуеттермен салыстырғанда әлдеқайда төмен деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи Иранның ғылыми, технология мен зерттеулер саласындағы жетістіктерін екі ел арасындағы ынтымақтастықтарды дамыту үшін қолайлы негіз деп атап: "ИИР Шри-Ланка үкіметі және елімен достық қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға әзір. Сол себепті екі ел арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумдар шындап қадағаланып, жүзеге асырылуы тиіс",- деп баса айтты.

Шри-Ланка президенті Майтрипала Сирисена да Ислам революциясы жетекшісіне өз Үкіметі мен халқының сәлемін жеткізіп, Иранды технология, ғылыми және академиялық тұрғыдан ең дамыған елдердің бірі деп атап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтардың артуының нәтижесінде Шри-Ланканың Иранның ғылыми жетістіктерін пайдалана алатындығына үміт білдірді.