Таяу Шығыста алғашқы діңгекті жасушалар өндіретін зауыт ашылды
Maм 16, 2018 01:02 Asia/Almaty
Иранда "СелТекФармад" деген атпен Таяу Шығыстағы алғашқы діңгекті жасушалар өндіретін зауыт Иран Вице-Президентінің қатысуымен ашылды.
Зауытта 6 негізгі өнім, соның ішінде діңгекті жасушалар өндіріледі. Жүрек және қан тамырлары ауруларын, артроз бен тері ауруларын емдеуге арналған діңгекті жасуша негізіндегі дәрілер осы зауыттың жоғары технологиялы өнімдері болып табылады. Бұл зауыт биылғы жылдың соңына дейін жүйке жүйесі, MS және ас қорыту жүйесі ауруларын емдеуге арналған 7 дәріні нарыққа шығарады.
Тегтер